Бизнеске арналған цифрлық платформа іске қосылды

  • 141
  • 05.01.2026, 18:35

Бұл қазақстандық бизнес үшін міндетті құралға айналатын цифрлық платформа. «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, сатып алуларға қатысу және мемлекеттік қолдау алу тек осы тізімге енген компанияларға ғана мүмкін болмақ. Бұған дейін өндірушілер мәртебесін растаған 1 мың 800-ден астам отандық кәсіпорын жаңа жүйеге өткен.

Тізілімнің басты айырмашылығы – барлық процестер толық цифрландырылған. Өтініштерді беру, оларды тексеру және шешім қабылдау толығымен онлайн режимінде жүзеге асырылады. Бұл ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етпек