Жаңа Салық кодексі күшіне енді: Қандай өзгерістер бар?

  • 85
  • 08.01.2026, 18:32

Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Құжатта салық саясатының бағыты түбегейлі өзгерді. Енді басты мақсат – бақылауды күшейту емес, мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы серіктестікті нығайту. Ал бұл өзгерістер қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді? Салықтан кімдер босатылады? 

Дана Әлиева, тілші:

- Жаңа Салық кодексіндегі ең басты өзгерістердің бірі – енді өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арнаулы салық режимі арқылы жұмыс істейді. Бұл дегеніміз оларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Тек қана «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын жүктеп алу жеткілікті. Дәл осы қосымша арқылы чек шығарып, кәсібін заңды түрде жүргізе алады. 

Ең маңыздысы – бұл санаттағы азаматтар салықтан толық босатылады. Олар тек 4 пайыз әлеуметтік төлем төлейді. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарға бағытталады.Алайда бұл режимнің де нақты шарттары мен шектеулері бар.

Ерқанат Шыңберген, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы:  

- Бұл жерде белгілі бір шектеулер бар. Айта кету керек, кіріс сомасының шектеу сомасы айына 1 млн 300 мың теңге. Осы сомадан аспау керек, біріншіден. Екіншіден, арнайы тізім бар, осы тізімге кірген қызмет түрлерін ғана қолдануға болады. Яғни оның ішінде такси қызметшілері, курьерлер, үйді жалға берушілер, парихмакерлер сондай-сондай бірталай қызмет түрі бар.