Өсім негізінен көлік, құрылыс және сауда салаларында байқалды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Ашып айтсақ, көлік саласындағы өсім 20% асты. Бұл жүк тасымалы көлемінің артуына байланысты болды. Ал құрылыс қарқыны шамамен 16% артты. Сауда саласында да оң серпін сақталды. Өсім шамамен 9% жетіп, көтерме сауда үлесі артты. Өнеркәсіп өндірісінінің көрсеткіштері да жаман емес. Өсім 7,4% жеткен. Негізінен машина жасау, химия, азық-түлік өндірісі салаларында жақсы өсім байқалады. Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы көрсеткіштер шамамен 6% артқан. Ал ақпарат және байланыс саласында өсім 3,6% жетті.