Үкіметте үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

  • 7
  • 16.01.2026, 21:53

Үкіметте халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Онда экономикалық реформалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ осыған дейінгі тапсырмалардың орындалу барысы, жобаларды жүзеге асыру рәсімдерін оңтайландыру жайы сөз болды.

Басқосуда Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілі Андрей Михнев мемлекеттік қарыздар мен кепілдіктерді қамтитын көпжылдық инвестициялық жоспар бекітуді ұсынды. Үкімет басшысы жиын соңында мемлекеттік органдарға халықаралық әріптестермен бірлесіп ұсынылған ұсыныстарды пысықтауды, бірлескен инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.