Биыл Қазақстаннан ет алатын елдердің саны артады

  • 9
  • 21.01.2026, 21:44

Биыл Қазақстаннан ет сатып алатын елдер қатары артады. 2025 жылы 16 ветеринариялық сертификат келісіліп, қол қойылған. Биыл Қытай Халық Республикасына, Еуропа одағына, Пәкістанға және басқа елдерге мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық номенклатурасын кеңейту бойынша жұмыс жоспарланып отыр.

Бұл туралы Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Жиында саланы дамытуға кедергі келтіріп отырған бірнеше жайт та ортаға салынды. Логистика, жайылым, жем-шөп базасының әлсіздігі, делдалдардың көптігін айтқан айтқан сала мамандары өз ұсыныстарын жеткізді.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мемлекет тарапынан соңғы жылдары көрсетіліп жатқан жүйелі қолдаудың нәтижесінде мал шаруашылығының өндірістік көрсеткіштері біртіндеп жақсарып, салада оң динамика қалыптасты. Елімізде мал басы саны артып келеді. Алайда қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, мал шаруашылығының орнықты дамуына кедергі келтіріп отырған бірқатар жүйелі проблемалар сақталуда. 

Азамат Шалмағамбетов, ет комбинатының директоры:

- Мал басы артқан сайын бірер жылдан кейін тағы мүйізді ірі қараның бағасы төмендеп, шаруалар әрі-сәрі күйге түседі. Бұған жол бермеу үшін қазірден бастап қайта өңдеу қуатын жоспарға алу керек. Меніңше, өндірілген өнімнің келісіне орай субсидия беріп, ет комбинаттарын қолдаған дұрыс.