Үкімет басшысы Олжас Бектенов Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Ресейдің іргелес жатқан Орынбор аймағы – елімізідің маңызды серіктесі. Былтыр Қазақстан өңірлерінің осы облыспен тауар айналымы 11,2% ұлғайып, 627 млн долларға дейін жеткен. Сондықтан да тараптар екі ел қатынасын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде шекара маңы ынтымақтастығының рөлі екенін атап өтті.
Кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өңіраралық өзара іс-қимылды, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері қаралды.