О. Бектенов Еуразиялық даму банкінің басшылығымен бірлескен жобаларды талқылады

  • 12
  • 27.02.2026, 21:33

Еуразиялық даму банкі Түркістан мен Қызылорда облыстарында жаңа екі күн электр стансасын салып, Өскемен жылу электр орталығын жаңғырту жұмыстарын жалғастырмақ.

Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесіп, экономиканың басым салаларындағы жобаларды іске асыру және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ өнеркәсіп өндірісін өркендету және жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлары сөз болды. Банктің жинақталған портфелінде инвестициялардың жалпы көлемі $19,6 млрд болатын 326 жоба бар.

Соңғы 4 жылда банк қатысушы елдердің экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды. Оның 5,2 млрд доллары Қазақстанға бағытталған. Бұл қаражат өнеркәсіп, энергетика, көлік инфрақұрылымы және қаржы секторын дамытуға жұмсалды.