Кәсіпкерлер 1 наурызға дейін салық режимін таңдауы керегі бұған дейінгі шығарылымдарда айтылды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы режимді 346 мың адам таңдаған. Оның 265 мыңы – бұған дейін көлеңкелі айналымда болғандар. Арнайы режимнің ерекшелігі – табысқа салық салынбайды және жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Бұл бұрын тіркеусіз еңбек еткен азаматтарға қызметін заңдастыруға мүмкіндік береді. Ал жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін 1 миллион 200 мың кәсіпкер таңдаған.