Жұмыртқа импортына шектеу қойылды

  • 40
  • 13.03.2026, 21:39

Қазақстан шетелдерден импортталатын жұмыртқаға тағы да шектеу қойды. «Бұл отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қолға алынған шара құс фабрикаларының жұмысын жандандыруға тың серпін береді», - дейді сарапшылар. Ішкі нарықта тауық жұмыртқасына деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Соған сәйкес, өндіріс көлемі де айтарлықтай ұлғайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ішкі нарықтың 98% отандық құс фермалары жауып отыр. Жұмыртқа импортына өткен жылдың желтоқсан айында бір айға шектеу қойылған еді. Оның мерзімі 11 қаңтарда аяқталды. Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі жарты жылға дейін ЕАЭО елдерінен тауық жұмыртқасын импорттауға тыйым салды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 29-ы ет, 34-і жұмыртқа фабрикасы. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмыртқа өндірісі 2,4% артқан. Яғни, 4,5 млрд дана жұмыртқа өндірілген. Осылайша, ішкі нарықты отандық өніммен қамту көрсеткіші 98% жетті.