Биыл «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі экономиканы қолдауға 8 триллион теңгеге дейін қаржы бөледі. Өнеркәсіп пен инфрақұрылым, агросектор, экспортты қолдау және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтуға басымдық берілген. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» директорлар кеңесінің отырысында айтылды. Жиында көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін 300 миллиард теңгеге дейін облигациялар шығару мақұлданды. Отандық ауыл шаруашылығы техникасының лизингі 150 млрд теңгеге дейін қаржыландырылады. Ал әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрған азаматтар үшін Отбасы банк арқылы ипотекалық несиелендіру үшін 100 миллиард теңге қаралмақ.