Мұндай деректі халықаралық сарапшылар келтіруде. Олар елдегі сатып алу қабілетінің паритетін жоғары бағалап отыр. Рейтинг өмір сүру құнын ескеріп есептелген. Мәселен, 100 долларға бізде көбірек зат сатып алуға болатыны анықталған.
Бұл көрсеткіш бойынша дүниежүзінде Қытай бірінші орында тұр. Одан кейін АҚШ, Үндістан иеленеді. Ал еліміз Сингапур және Румыния орналасқан қатарда тұр. Мамандар Қазақстан экономикасын шамамен 973 миллиард долларға бағалаған.
Бауыржан Ысқақ, экономист:
- Рейтингтердің жоғарғы позициясына ие болуы біздің еліміз үшін тратегиялық маңызы өте жоғары. Бірінші кезекте бұл бізге халықаралық-экономикалық статус береді. Екіншіден, бұл бізге инвестициялық тартымдылық береді. Яғни ірі нарық ретінде сырттық инвесторлар бізді қабылдай алатындай көрсеткіш болып табылады. Сонымен қатар ішкі сұраныс әлеуеті де жоғары деп бағаланатын фактор. Үшінші кезекте бұл біздің макроэкономикалық тұрақтылығымыздың көрсеткіші деп айтуға болады.