Бізді жақсы өмір күтіп тұр – қаржылық сарапшы

  • 10
  • 02.04.2026, 21:36

Бізді жақсы өмір күтіп тұр. Белгілі экономист, қаржыгер Айбар Олжай әлеуметтік желіде осылай деп мәлімдеді. Ол өз жазбасын экономиканың өсуі, халықаралық резевтердің ұлғаюына қарамастан халықтың табысы не себепті аз екенін түсіндіру мақсатымен байланыстырды. Сарапшы атап өткендей, екі негізгі себеп бар. Жалпы ішкі өнімде халық табысының үлесі аз және екінші себеп инфляция. Осы себепті Президенттің бұған дейін Жолдауда халықтың табысын арттыру міндетін іске асыру басталмақ. Яғни халықтың әл-ауқаты макроэкономикалық көрсеткіштер емес, адамның табысына негізделеді. Айбар Олжай атап өткендей, Үкіметте бюджеттік қызметкерлерге жалақыны көбейтетін резерв бар, ал жеке секторға келсек, енді мемлекет жұмыс берушілерге еңбекақы қорын көбейту үшін қолдау жасайды да есесіне айлықты көбейтуді талап етеді.

Айбар Олжай, қаржылық сарапшы:

- Паралельді оған жүріп отыратын жұмыс бар. Ол жаңағы инфляция азаюы керек. Қазір бәрінің айлықтарын көтеріп тасттаймыз, бірақ инфляциямен күреспесе оның бәрі жұтылып кетеді. Сондықтан дәл осы екеуін қарама қарсы жүргізіп отырады. Инфляцияны 10-нан түсіре отырып, 10 пайыздан жылдық инфляция индексін, адамдардың алып жүрген айлықтарына 1 процент индексация қосып берсе, дәл сол кезде инфляция өсіп кетпесе, онда біз халықтың әл-ауқантын кемінде 8-7 пайызға қазіргіден арттыра аламыз.