Салық түсімдері артты: ел бюджеті жоспардан жоғары орындалды

  • 7
  • 08.04.2026, 21:43

Қазақстанның ел бюджетінің кірістері жоспарлы көрсеткіштен 17 пайызға жоғары болды. 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері 6,4 трлн теңгені құрады. Демек жоспардан 268,7 млрд теңгеге асыра орындалған. Ал ел бюджеттің 98 пайызын салық түсімдері құрады. Шамамен 4,2 трлн теңге. Оның 16 пайызын корпоративтік табыс салығы орындады. Ал импортқа қосылған құн салығы 24 пайызын, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық 36 пайызға жуығын құрады. Үкіметтің мәлімдеуінше, республикалық және жергілікті бюджеттер жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындаған. Өсім Қазақстанның экспорттық тауарлары бағасы мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемінің артуы, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелері есебінен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелген. Қосылған құн салығын төлеушілер саны 10 мыңға артты.