Биыл қазақстандықтардың нақты табысы кем дегенде 2-3 пайызға өседі. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтты. Жиынға әлемдік қаржы құрылымдарының өкілдері қатысты. Басқосуда макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, адами капиталды дамыту, өнімді инновациялар мен ЖИ технологияларын енгізу жөніндегі бастамаларға назар аударылды. Басты мақсат - инфляцияны ауыздықтап, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Ол үшін Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен бағдарламаны жүзеге асыруда. Ұлттық банк дерегінше, 2025 жылдың қазан айынан бастап инфляция бәсеңдеп, тұтынушылық несие өсімі 21,9%-дан 8,7%-ға төмендеді. Сонымен қатар жиында Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының сарапшылары Қазақстанның макроэкономикалық саясатын қолдап, жеке секторды дамыту бойынша ұсыныстарын жеткізді.