Премьер-министр көлік-транзиттік әлеуетті дамыту бойынша кеңес өткізді

  • 7
  • 13.04.2026, 20:11

Саланы жаңғырту жұмыстары кестеден кешіктірілмей орындалсын. Премьер-министр бүгін көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде кеңес өткізді. Былтыр көлік және қоймалау саласындағы жалпы өнім көлемі 12,2 трлн теңгені құрапты. Өткен жылы автокөлікпен ел ішінде 353 млн тонна жүк тасымалданған. Қазақстан бүгінде әлемнің 42 елімен көлік қатынасын жүзеге асырады. Көрсеткішті арттыру және қатынасты жеңілдету үшін қазіргі таңда 37 жоба жүзеге асырылуда. Олжас Бектенов өткізу пункттеріндегі жаңғырту жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын сынға алды. Вокзалдарды жөндеу бойынша да салғырттық басым. Сондықтан барлық жоспарлы шаруаларды жеделдету тапсырылды. Азаматтық авиация саласына келсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 20 миллион жолаушы тасымалданған. 2028 жылға дейін 11 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарда. Оның ішінде 4 жаңа әуежай, 2 ұшу-қону жолағы, сондай-ақ 5 қаладағы инфрақұрылымдарды жаңарты жұмыстары бар.