Жаңа Салық кодексі енгізілгеннен кәсіпкерлер үшін құжат азайып, есептілік жеңілдеді. Бұл туралы Кірістер комитеті Астанада өткен арнайы жиында мәлімдеді.
Елімізде бірінші қаңтардан арнайы салық режимінің саны жетіден үшке қысқарды. Қазір өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, екіншісі оңайлатылған декларация негізіндегі режим және шаруа қожалықтарына арналған режим қолданылады. Мамандар кәсіпкерлермен кездесіп, жаңа өзгерістерге қатысты сұрақтарға кезекті рет жауап берді.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда 2 млн астам кәсіпкер бар. Оның 1,9 млн шағын бизнес. Заң бойынша таксист, курьер, наубай секілді 40 қызмет көрсету түріне жеңілдік қарастырылған.
Бектас Әділғалиев, Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысы:
- Кәсіпкерлердің кез келген түрі және буыны үшін жаңа Салық кодексінің жаңашылдықтарын түсіндіру маңызды. Біз осындай шаралар арқылы өзіміздің ашық екенімізді көрсетудеміз. Сала қызметін қазір цифрландыруға басымдық берілуде. Оны қолдану, жаңа ұсыныс-тілектерді талқылып, пысықтаудамыз.