Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов елге ресми сапармен келген Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидпен кездесті. Жиында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.
Энергетика, көлік-логистика, тау-кен өндіру, металлургия, аграрлық өнеркәсіптік кешен, туризм салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударылды. Қос тараптың бірлескен портфелінде құны 3 млрд долларды құрайтын 5 ірі инвестициялық жоба, оның ішінде энергетика мен теміржол тасымалында 2 жоба іске қосылды. Кенді қайта өңдеу саласындағы жобалар жүзеге асырылуда.