Үкіметте көлік саласын дамыту бойынша кеңес өтті

  • 4
  • 13.05.2026, 19:33

Тасымалдың тасын өрге домалатпақ керек. Әңгіме Мемлекет басшысы қойған жүк, әуе, теңіз және теміржолдағы тасымалдарды ұлғайту міндеті хақында. Тиісінше Үкіметте Премьер-министр қайтпек керектіні талқылап, кеңес өткізді.

Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына», «Қазақстан темір жолы» ҰК», Turlov Private Holding сынды мекемелер қажетті жұмысты ұйымдастыру бойынша тәсілдерді ұсынды. Міндет қойылды, Қытай-Қазақстан-Батыс Еуропа бағытын жандандыру үшін әуе кемелерін шығару, қажетті отынмен қамту, ілеспе инфрақұрылымды дамыту және әуе тасымалы логистикасын ілгерілету керек. 

Сонымен бірге Орталық Азия өңірінен Кавказ және Батыс еуропаға тасымалды арттыру міндеті және бар. Ол үшін «Ақтау» және «Құрық» порттарының жүктемесін ұлғайту қажет, ал теміржолда тарифтік саясат пен инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту жұмыстары күтіп тұр.