Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы $5,4 млрд-тан асты

  • 11
  • 14.05.2026, 19:33

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы жыл санап артып келеді. Былтыр алыс-беріс 8,8% өсіп, 5,41 млрд долларға жетті. Экспорт 17,7% артып, 4 млрд долларға жуықтаған. Ал импорт керісінше 9% төмендеп, 1,5 млрд доллар болды.

Бауырлас елдер арасындағы сауда-саттық биыл да өскен. Мәселен, қаңтар-наурыз аралығында тауар айналымы 1,65 млрд доллар болды. Өсім былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38,6% жоғары. Үш айда 1,33 млрд доллардың өнімі экспортталып, 0,32 млрд доллардың тауары импортталған. Түркияға негізінен мыс, мұнай, мырыш және өңделмеген алюминий тасымалданады. Ал бұл елден сатып алынатын тауарлар қатарында дәрі-дәрмек, киім-кешек пен шоколад өнімдері бар.