Бұл туралы Үкіметте өткен кеңес отырысында айтылды. Жыл басынан бері өнеркәсіптегі өңдеуші сектор 9,9% өсім көрсетіп, жеңіл өнеркәсіп өндіріс қарқынын 2,2 есеге ұлғайтқан. Десе де импорттың үлесі жоғары.
Премьер-министр Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Сонымен қатар дайын өнімдер шығару және қайта өңдеу үлесін ұлғайту шаралары талқыланды. Өндірістерді жаңғырту, қайта өңдеу қуатын кеңейту, локализациялау деңгейін арттыру, кадрлар даярлау және отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін нығайту қажеттілігіне баса назар аударылды.