2029 жылға қарай экономиканы $450 млрд-қа дейін ұлғайту көзделіп отыр

  • 5
  • 18.05.2026, 19:32

2029 жылға қарай Қазақстан экономикасын 450 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұл үшін жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамту керек.

Сенаттағы Үкімет сағатында осы мәселе қаралды. Экономикадағы жоғары өсімді қамтамасыз етудің бір жолы - ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру. Әсіресе өңдеу саласына басымдық беріледі. Бірқатар кәсіпорын қазірдің өзінде өнім шығара бастады. Енді сол тәжірибені ескере отырып, жаңа нысандарды іске қосу тетіктері пысықталды. Мамандар экономикалық өсуді қаржылық ынталандыру мәселесін де талқылады. Мәселе жекелеген бағдарламаларға қаражат бөлумен ғана шектелмейді. Нарық, оның ішінде тасымалдау, қызмет көрсету, ұсыныс пен сұраныс тез өзгеруде. Жалпы барлық сын-қатерлерге жылдам бейімделетін жүйе құру қажет.