Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы шамамен 14 пайызға өсті. Қаңтар-ақпан айларындағы алыс-беріс 4 млрд долларға жеткен. Осы уақыт аралығында 1 млрд доллардың тауары экспортталса, импорт 3 млрд долларды еңсерген.
Бірлескен жобалар да қарқынды дамып келеді. Өнеркәсіптік кооперация аясында жалпы құны 50 млрд доллардан асатын 177 бірлескен жоба бар. Оның 122-сі іске қосылды. 24 жоба жүзеге асырылуда, қалған 31 жоба пысықталып жатыр.