Қазақстан-Ресей тауар айналымы 16,1% өсті

  • 8
  • 27.05.2026, 19:32

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық ұлғайды. Биыл қаңтар-наурыз айларында тауар айналымы былтырғы кезеңімен салыстырғанда 16,1 процентке өскен. Яғни 6,46 млрд долларға жетті. Үш айда 1,5 млрд доллардың тауары экспортталса, 4,96 млрд доллардың өнімі импортталған. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымын биыл 30 миллиард долларға жеткізу жоспарланып отыр. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 27,4 миллард болған. Біздің елден көрші мемлекетке экспортталатын өнімдердің ішінде астық, уран, құрылыс және өндіріс тауарлары басымдыққа ие. Ресейден де алатынымыз аз емес.