Қостанай облысының Ресеймен тауар айналымы артты

  • 10
  • 27.05.2026, 19:36

Қостанай облысының Ресеймен тауар айналымы биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 1,5% артқан. Қаржыға шаққанда бұл көрсеткіш 284 миллион АҚШ доллары шамасында. Өңірде бірнеше білескен жоба сәтті жүзеге асырылды. Соның ішінде металл өнімдерін шығаратын Қазақстан-Ресей компаниясы еліміздегі жетекші металлургиялық кәсіпорындардың біріне айналды. Бұл зауыт он жыл бұрын үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған еді. Бірлескен өндіріс орны жылына 450 мың тонна темір арматура шығарады. Соның 75 проценті ішкі нарыққа өткізілсе, қалғаны экспортталады.

Найл Новотеев, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Ресей - мемлекетаралық қатынаста жақын әріптестердің бірі. Былтыр Қостанай облысының көрші елмен тауар айналымы 1 миллиард 304 миллион АҚШ долларына жетті. Біздің өңірмен алыс-берісте импорттың үлесі басым. Өткен жыл ішінде Ресейден 850 миллион доллардың тауарлары жеткізілген. Ал экспорт көлемі 455 миллион доллар шамасында.