Қазақстан-Сауд Арабиясы: ынтымақтастық артады

  • 8
  • 10.06.2026, 19:35

Премьер-министр Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысу үшін келген Сауд Арабиясы Корольдігінің Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесу өткізді. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 11,7 милллион долларды еңсерген. Ал биылғы қаңтар-сәуір айларында алыс-беріс 2,9 есе өскен.

Соңғы 20 жылда Сауд Арабиясы Корольдігінен біздің елге 115,3 миллион доллар инвестиция тартылды. Кездесу барысында бірлескен жобаларды іске асыру және тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы сөз болды.