Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысымен кездесті

  • 6
  • 12.06.2026, 19:33

Үкімет басшысы Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Амина Ларешпен кездесті.

Ұйымның сарапшылар тобы Қазақстан экономикасының соңғы үрдістерін, жүргізіліп жатқан реформалардың басымдықтарын және одан әрі даму перспективаларын зерделеуде. Тараптар осы жұмыстың алдын ала қорытындыларын қарады. Мамандар экономикалық өсімнің тұрақтылығын атап өтті. Өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету салалары, көлік және құрылыс секторларын дамыту бойынша жүйелі шаралар мұнай өндіру көлемінің қысқаруының орнын толтыруда.

Олжас Бектенов серіктестіктің маңыздылығына тоқталып, мейманға реформаларды жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.