Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты

  • 11
  • 17.06.2026, 19:31

Қазақстан Орталық Азияның экономикалық әлеуетін ашу мақсатында өңір елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді қолдайды.

Ташкентте өтіп жатқан V халықаралық инвестициялық форумға қатысқан Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деді. Ол еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға баса мән беріліп жатқанын және 2030-шы жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасының жаңартылғанын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, өнеркәсіп кооперациясын кеңейту, көлік-логистика және туризм мен энергетика секілді бағыттарда ынтымақтастықты арттыру мәселесі сөз болды.