Еліміз Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі сондай-ақ Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінен қарыз тартады.
Мәжіліс тиісті заң жобасын ратификациялады. 20 мамырда қол қойылған бірінші келісім 11 жыл мерзімге 92,3 млрд йен сомасында қарыз беруді көздейді. 5 жылдық жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ 15 маусымда Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен арада жасалған келісім аясында 5 жылдық жеңілдігімен 11 жылға 62,4 млрд йен қарыз алу қарастырылып отыр. Екі келісім бойынша жалпы сомасы 155 млрд иенге жуық қаражатты, долларға шақсақ, шамамен 1 млрдқа жуық. Ол республикалық бюджет тапшылығы шеңберінде ел экономикасын қолдауға бағытталмақ.
Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:
- Жапон иенасы валютасын таңдаудағы негізгі себеп – ол Жапониядағы төмен базалық пайыздық мөлшерлемелерге және теңге мен жапон иенасы арасындағы тығыз байланысқа негізделді. Тартылған қарыздар бойынша міндеттемелер ұсынылған келісімдерге бекітілген қаржылық шарттарға сәйкес, республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін болады.