Цифрландыруды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу ел экономикасына серпін бермек. Сондықтан саладағы инвестициялық мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алмау керек. Елдердің бәсекеге қабілеті де сол қырынан екекшеледі. Ол үшін Үкімет пен халықаралық іскер топтар арасындағы іс-қимылды нығайту маңызды. Ал инвесторлармен ынтымақты дамыту жаңа кезеңге бастайды. Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңесте осылай деді. Премьер-министр жаңа Конституция күшіне енгенін жеткізді. Құжатты нағыз ұлт жарғысына балады. Елде жүзеге асып жатқан саяси және экономикалық реформалар ұзақмерзімді әрі тиімді серіктестікті дамытуға қуатты серпін беретінін айтты.