Қазақстан үкіметі Жапониямен жаңа серпінді жобаларды жүзеге асыруға дайын. Еліміз жапон капиталын тартып, озық технологияларын алуға ынталы. Бұл туралы Олжас Бектенов, Keidanren Жапония бизнес федерациясының делегациясымен кездесуде айтты. Mitsui O.S.K. Lines компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, Такеши Хашимото IТ және цифрлық трансформация, білікті кадр даярлау бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді. Кездесуде Орта дәлізді және Каспий теңізінің порттық инфрақұрылымын дамыту, энергетика, өнеркәсіптік кооперация салаларындағы әріптестікті арттыру жайы талқыланды.