Жылдық инфляция деңгейі төмендеп келеді. Маусым айында ол 10,3% болды.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді. 2026 жылғы I тоқсанда Қазақстан халқының нақты ақшалай табысы оң серпін көрсеткен.
Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ол 0,1%-ға өсіпті. Халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы айына 252 619 теңге болған. Мамандар: «Бұл 2025 жылғы I тоқсан деңгейінен 11,8%-ға жоғары», - дейді. Ауқымды өсім ауыл шаруашылығында тіркелген. 7,7%-ға жоғарылапты. Қаржы және сақтандыру қызметінде 5,7% болса, өңдеу өнеркәсібінде 2,1% өсім бар.