Қазақстанда алты айда 500 мың жаңа кәсіп ашылды

  • 137
  • 15.07.2026, 19:36

Қазақстанда бизнес қарқын ала бастады. Жыл басынан бері 6 айда 500 мыңға жуық жаңа шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ашылған. Осылайша олардың жалпы саны қазір 2,9 миллионға жетті. Негізінен өсім тау-кен, құрылыс пен ауыл шаруашылығы және байланыс салаларында тіркеліпті. Бүгінде жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 40,9% жеткен. Олар 104,7 трлн теңгенің өнімін шығарған. Үкімет ұсынған есепке қарағанда сауда саласында да жоғары көрсеткіштер тіркелген. Қаңтар-мамыр айларында еліміздің тауар айналымы 56 млрд долларды құраған. Көтерме сауда 6,6%, бөлшек сауда 3,8% өскен. Сыртқы саудада да оң үрдіс байқалады. Өңделген тауарлардың экспорты 11 млрд, қызметтер экспорты 3 млрд доллардан асыпты.