Қытайлық инвесторлар Қазақстанда қоқыс өңдеу жобаларын қолға алмақ

  • 7
  • 16.07.2026, 19:32

Қазақстан мен Қытай көшбасшылары арасындағы сенімге негізделген диалог екі елдің экономикалық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге сеп. Екі ел жалпы құны 13,3 млрд долларды құрайтын 77 бірлескен жобаны іске асыруда. Нәтижесінде 21,6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар 269-дан астам бастама келешегі зор деген жобалар портфеліне енгізілген.

Премьер-министр Олжас Бектенов China Tianying Inc. компаниясының президенті әрі партия комитетінің хатшысы Дэбяо Цаомен кездесті. Тараптар тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу жобаларын талқылады. Қазір Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықты энергетикалық кәдеге жаратуға мүмкіндік беретін зауыттар салу қолға алынды. China Tianying компаниясы бұл салада 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді, өзіндік технологиялық және өндірістік әлеуетке ие.