Проблемалық кредиттерді пайдаға айналдыру керек. Ақша айналымы тұйықталса, экономика тығырыққа тіреледі. Мәселені қалай шешуге болады?
Халықаралық мемлекеттік активтерді басқару компанияларының форумы атты алаң бар. Қазақстан биыл соған төрағалық етіп қана қоймай, мерейтойлық 10-шы саммитін де өткізіп жатыр. «Бұл жиын өңірлік қаржылық қауіпсіздік жүйесі мен әлемнің үздік тәжірибелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді вице-премьер Серік Жұманғарин.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
- Біздің міндетіміз – қаржы иниституттары мен мемлекеттік операторлар жұмыс істейтін портфельдерде ресурстарды қатырып қоюды тоқтату тиіс. Әрбір теңге нақты экономикаға жұмыс істеуі, жаңа өндірістерді, инфрақұрылымды қаржыландырып, жаңа жұмыс орындарын құру қажет. Біз капиталды тәуекелі жоғары кепілсіз тұтынушылық кредиттеу сегментінен өндірістік бағыттарға қайта бағыттай алдық: кепілсіз тұтынушылық кредиттердің өсімі алдыңғы жылдардағы 32%-дан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тарихи ең төменгі деңгейге – 3,1%-ға дейін баяулады.