Қазақстан мен Сингапур авиация саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

  • 6
  • 21.08.2026, 19:30

Қазақстан мен Сингапур арасындағы көлік саласында ынтымақтастық арта түспек.

Премьер-министрі Олжас Бектенов сингапурлық Changi Airport Group компаниясының басшысы Ям Кум Вэнгпен іскерлік кездесу өткізді. Тараптар бірқатар авиациялық жобаларды кеңінен талқылады. Олжас Бектенов Астананың әуежай инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстарға тоқталып, екінші әуежайдың құрылысы жүріп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ компанияның халықаралық тәжірибесі мен технологиялық сараптамасын Қазақстанның авиациялық инфрақұрылымын дамытуға тарту қажеттігін айтты.

Өз кезегінде Ям Кум Вэнг Changi Airport Group компаниясының Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ынталы екенін жеткізді.