Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

  • 3
  • 05.10.2026, 18:34

Еліміздің атом энергетикасын дамытудың маңызы зор.

Премьер-министр Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте осылай деді. Жиында саланы дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы аясында жаңа перспективалы уран учаскелерін зерттеу мәселесі қаралды. Сонымен қатар геологиялық барлау және минералдық-шикізат базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының ауқымды геологиялық барлау жұмыстарының жоспары қаралды. Үкімет басшысы жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өнеркәсіптік әлеуетті одан әрі дамыту және кен орындарын игеруден түсетін ұлттық экономикалық пайданы арттыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.