2025 жылы елімізде 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Биылғы 8 айда бұл көрсеткіш 11 млн шаршы метрден асыпты.
Бұл туралы Үкіметтің Халықаралық қаржы ұйымдарымен өткен үйлестіру кеңесінде айтылды. Шараға Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі сияқты 8 ұйымның өкілдері қатысты.
Жиында тұрғын үй құрылысы және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тұрғын үйді қаржыландыру бағыты бойынша азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз құралдарын жетілдіру тетіктерін талқылады.