Республика күні Республика күні

Отандық тауарларға басымдық: сауда ережелері өзгерді

  • 2
  • 20.10.2026, 18:34

Қазан айында күшіне енген ішкі сауда ережелеріне сәйкес, сауда желілері мен маркетплейстердегі отандық өнімдердің үлесіне қатысты талаптар күшейтілді. Енді сауда орындарындағы отандық өнімдердің үлесі 30 пайыздан кем болмайды. Бұл тек азық-түлік қана емес, киім-кешек, тұрмыстық және тауардың басқа да түрлеріне қатысты. Отандық өнім сатып алушыға көрінетін әрі қолжетімді жерге қойылуы міндетті. Қазір елдегі сауда көлемі тоғыз айда 61 трлн теңгеге жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға көп.