Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жамбыл облысында 1 млн тонна қант қызылшасы өңделеді

  • 5
  • 09.11.2026, 17:29

Жамбыл облысында 2029 жылға дейін тағы бір Қант зауыты ашылады. Жаңа кәсіпорын жылына 1 миллион тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы. Жобаны түрік инвесторлары жүзеге асырады. Қазір зауыттың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Президент Жолдауын түсіндіру мақсатында құрылған республикалық ақпараттық топтың өкілдері мәлімдеді. Жиында шаруаларды қаржылай қолдау, жеңілдетілген несие беру және көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін қаражат мәселесі сөз болды. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге басымдық беруді тапсырды. Осы бағытта алдағы үш жылда елімізде алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Кәсіпорындар бидай, жүгері, арпа және қант қызылшасы секілді өнімдерді терең өңдейді.

Ермек Кенжеханұлы, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі:

-Терең өңдеу бойынша 6 жоба бізде межеде қойылған. 6 жоба 6 млн тонна астықты терең өңдеуге мүмкіндік береді. 2029 жылдың аяғына дейін іске асырамыз деп жоспарлап жатырмыз. Оның екеуі бүгінгі таңда іске қосылды. Біреуі Жамбыл облысында, екіншісі Түркістан облысында. Қалған жобалар Солтүстік өңірдерде, Қызылорда облысында іске асырылады деп жоспарланып отыр.