Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстанның IT-экспорты $1,1 млрд асты

  • 13
  • 17.11.2026, 18:02

Қазақстанның IT-қызметтер экспорты соңғы екі жылда екі еседен астам өсім көрсетіп, 1 миллиард доллардан асты. Оның жартысынан көбін Astana Hub резиденттері қамтамасыз еткен.

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Қазір елімізде Астанадағы орталыққа қоса 20 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді. АҚШ, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері мен Малайзияда қазақстандық стартаптарды қолдайтын халықаралық орталықтар ашылған. Таяу күндері Ұлыбританияда бесінші халықаралық IT-хаб ашу жоспарда.

Ростислав Коняшкин, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі:

– Халықаралық хабтар біздің ІТ экспортты өсіреді. Соңғы бағыт жер қойнауын пайдаланушыларды цифрландыру. Бұл компаниялар табысының 1 пайызын ғылым мен инновацияға бөледі. Осы қаражаттың бір бөлігі Астана Хаб арқылы біздің ІТ компанияларға тапсырыс болып келеді. Қазір 19 жоба жүріп жатыр. Тағы 13 жоба басталып жатыр.