Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Елімізге жеті жылда $155 млрд шетелдік инвестиция тартылды

  • 2
  • 18.11.2026, 16:49

Қазақстан экономикасына соңғы 7 жылда 155 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды. 2025 жылы оның көлемі 20,5 млрд доллар болған. Соның 19 миллиарды – Қазақстанға жаңа инвестициялық жобалар бойынша келген қаражат. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда, 2,5 есеге жоғары. Инвестиция тарту географиясы да кеңейіп келеді.

Былтыр Біріккен Араб Әмірліктерінен 1,6 млрд, Сингапурдан 1,4 млрд, Қатардан 1,3 млрд доллар инвестиция тартылған. Әсіресе шикізаттық емес салаларға қызығушылық артқан.

Өңдеу өнеркәсібіне құйылған инвестиция 47,4 пайызға өсіп 1,4 миллиард долларға жетті. Ал химия өнеркәсібіндегі инвестиция 2021 жылғы 123 миллион доллардан 2025 жылы 1,3 миллиард долларға дейін ұлғайды. Ал қаржы және сақтандыру қызметіне бағытталған инвестиция 4,1 миллиард долларды құрады.