Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

«Халықтық құрылысқа» Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бағытталады

  • 9
  • 17.11.2026, 18:01

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы отандық өндірістің дамуына елеулі серпін береді.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Бағдарламаны іске асыруға Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бағытталады.

«Халықтық құрылыс» отандық өнеркәсіп саласы үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл ретте қазақстандық кәсіпорындар негізгі құрылыс материалдары бойынша ішкі қажеттіліктің орта есеппен 73 пайызға жуығын қамтиды. Жобаларды жүзеге асыру кезінде тауар өндірушілер тізілімінде бар өнімдерді ескеру, тауарларға қажеттілікті алдын ала жариялау және сатып алу мен жеткізу мерзімдерін ескере отырып, өндірістерді кеңейту қажет.