Құрылтай алдағы 3 жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» заңды қабылдады. 2027 жылға арналған бюджет шығыстары Президент тапсырмаларын орындауды ескере отырып, қайта қаралды.
Атап айтқанда, 114,1 млрд теңге – ең төменгі жалақыны көтеруге, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлерінің жалақысын арттыруға және орта білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған.
Сонымен қатар Сәтпаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын жүргізуге және «Балқаш» АЭС жобасы бойынша геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралып отыр.