Мұнай бағасының құлдырауы Азия биржаларына кері әсер етті
Шанхай қор биржасы 2% түсті. Сарапшылар: «Алдағы уақытта «Brent» маркалы мұнайдың баррелі 20 долларға дейін арзандауы мүмкін», – деп отыр. Соның салдарынан Ресей күн сайын 100-150 млн доллар кірісінен айырылуы ықтимал. Еске сала кетейін, 6 наурыз ОПЕК елдерінің мұнай министрлері бас қосып, мұнайды өндіру көлеміне қатысты келісімді ұзартуды талқылады. Алайда Ресей мен Сауд Арабиясы ортақ шешімге келе алмай, мұнай бағамы бірден 31% құлдырады.
Майкл Маккарти, «CMC Markets» бас маманы:
- Сауд Арабиясы мұнай бағасын төмендетіп, қара алтынды өндіру көлемін арттыруға мүдделі екенін білдірді. Мұны бәсекелестері Ресей мен АҚШ-ты мұнай нарығынан ығыстыру әрекетіне бағалауға болады. Бұл жаңалық нарықтағы онсыз да тұрақсыз жағдайды ушықтырып жіберді. Салдарынан инвесторларда үрей пайда болып, дүрбелең туды.