Қазақстан экономикасына 3,8 миллиард доллар инвестиция салынады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауына келген Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов осындай мәліметті келтірді. Сондай-ақ банк «Солтүстік – Оңтүстік», «Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәліздерін ашуға, бірыңғай тауар өткізу желілерін құруға және Орталық Азия су-энергетикалық кешенін жаңғыртуға арналған жобаларға 1,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция құюға ниетті.
Осылайша, 2026 жылға дейін Қазақстан экономикасына кем дегенде 3,8 миллиард доллар инвестиция салмақшы.