Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 6 кешен салынады
Осылайша дайын өнім өндірісін дамыту жоспарланған. Жоба «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағында жүзеге асады. Қазір сол жерге инженерлік инфрақұрылым тартылып, кәсіпорындарды газ, су, жарықпен қамту ісі қолға алынды.
Қайрат Базарбеков, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
- Бүгінгі таңда бұл жерге қаламыздың ірі кәсіпорындары қызығушылық танытып отыр. Жалпы сомасы 7 млрд теңгені құрайтын 6 жоба осы жерде қайта өңдеу саласын дамытуға ұсыныс беріп отыр. Сонымен қатар олар жер телімдері мен инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етілетін болады.