Жанармай қоры 10 күнге жетеді
Аймаққа сұйық отын Атырау мен Ақтөбе облыстарынан жеткізіледі. Өңірде АИ-92 бензинінің айлық қажеттілігі – 15 мың, ал дизель – 20 мың тонна. Әзірге жанармай бекеттерінде отын тапшылығы жоқ. Тек облыс орталығынан шалғай жатқан аудандарға тауар тасымалы жолдың нашарлығынан қиындаған. Мәселен, 700 шақырым қашықта орналасқан Жәнібек ауданында бірнеше күн бензин тапшы болды.
Миржан Нұртазиев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Мұндай жағдай, жасыратыны жоқ, болған болатын. Жаңбыр жаууына байланысты жолда үлкен грузбен баратын болғасын камаздар жол жүре алмады. Қазіргі уақытта осы жұманың басынан бастап аталған аудандарға жанар-жағармай түгелдей жеткізіліп, қамтамасыз етіліп отыр.