2023 жылдан бастап әр балаға мемлекет тарапынан берілетін қаржы көлемі ұлғаймақ
Осы күзден бастап мемлекеттік тапсырыс ала бастады. Қазір мұнда 140 бала келеді. Дегенмен әлі де орын жеткілікті. Әзірге 7 топ бар, келер жылы кеңейту жоспарда.
Шолпан Смайылова, «Аружан» балабақшасының директоры:
- 2-3 жастағы балалар өте көп сұраныста. Енді бізде қазір 30 балаға орын тұр. 4 пен 5-гі балаларға қазір бізде орын жоқ. Ал енді осы қаңтардан бастап 2 мен 3 жасқа жаңағы айтқан екі топты ашамыз.
Қазір өңірде мектепке дейінгі 411 мекеме бар. Соның 92 жекеменшік. Оған шамамен 40 мың бала барады. Дегенмен әлі де 2-6 жас арасындағы 8 мың бүлдіршін кезекте тұр. Биыл облыста жаңадан 10 мемлекеттік балабақша ашылған. Бірақ бұл жеткіліксіз. Сондықтан мемлекеттік тапсырыс көлемін 20% ұлғайтыпты. Осылайша тек биылдың өзінде 2 мың бала бөбекжайға орналасқан.
Әсел Тәукенова, облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы:
- Бізде биылғы жылы 1 балаға шаққандағы сома 41718 теңгені құраса, қалалық жерде, ауылдық жерде 45 мыңнан асатын сома беріліп отырды. Келесі жылға біз алдын ала есептеу жүргізген болатынбыз, жобамен 4,5 мыңға өсейін деп отыр бір баланың жан басына қаржыландырылуы.
Қазір мемлекеттік тапсырыс алғысы келетін жекеменшік бала-бақшаларға талап күшейген. Бірақ өңірдегі барлық бөбекжай бұл сынақтан сүрінбей өтіпті. Енді келесі жылы бүлдіршіндерді бала-бақшамен қамту деңгейін 82,6% жеткізуді жоспарлап отыр.
Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар