2026 жылы 100 млн тонна мұнай өндіріледі
100 млн тонна. Қазақстан 2026 жылға қарай жыл сайынғы мұнай өндіру көлемін осы межеге жеткізуге ниетті.
Бұл туралы Энергетика министрі Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, мұндай жоспарға ірі жобаларды жүзеге асыру есебінен жетуге болады. Бір ғана «Теңізшевройл» мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға дейін арттыра алады екен. Сондай-ақ Қарашығанақта бесінші компрессордағы жұмыстар аяқталыпты.
Биыл еліміздегі қара алтынның өнідіріс көлемі 88 млн тоннаға жетеді, - деп болжануда. Оның 68,8 млн тоннасы экспортталады. Тасымалдау бағыттары келесідей. Каспий құбыр консорциумы арқылы – 55 млн тонна. Атырау-Самара бағытымен 8,6 млн тонна жіберіледі. Қытайға 1 млн тоннадан артық мұнай саталады. Ақтау портымен 3,6 млн тонна экспортталады. Ең аз үлес – теміржол арқылы.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Отызыншы жылға қарай мұнай өндіруге салатын инвестиция шамамен 21 млрд долларды құрайды. Жалпы алғанда үш ірі жобадағы мұнай өндіру республикадағы барлық мұнай өндірудің 70 пайызын құрайды.