Республикада қолжетімді баспана саны артады
Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8,1%-ға артық. Ол туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
2018 жылы баспана құрылысына 1,2 трлн теңге инвестциия салынған. Нәтижесінде 113 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді. «7-20-25» бағдарламасы іске қосылғалы 82 млрд теңгенің 7 мың өтініші түскен. Бағдарлама аясында салынатын тұрғын үйлерді салуға «Баспана» ипотекалық ұйымы әкімдіктерге 150 млрд теңге бөлуге дайын.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және Инфрақұрылымдық Даму министрінің орынбасары:
- Жеке тұрғын үйлердің инвестициялары 459 млрд теңге болды. Ал 5,7 млн шаршы метрді жеке тұлғалар қосты. 39 157 жеке үй қосылды. Ал көппәтерлі үйлерді алсақ, ол жерге 702 млрд теңге инвестиция тартылды. 6,8 млн шаршы метр, 74 583 тұрғын үй қосылды.